«Ережелер туралы ертегі» театрландырылған қойылымы -
«Болашақ» тобы тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ережелер туралы ертегі» атты қызықты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Қойылым барысында балалар ертегі кейіпкерлері арқылы қауіпсіздік ережелерін, қоғамдық ортадағы әдептілік пен тәртіпті сақтаудың маңызын түсінді. Театрлық ойын балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етті.